Check out the new design

ការបកប្រែអត្ថន័យគួរអាន - ការបកប្រែជាភាសាកាហ្សាក់ស្ថាន - ខលីហ្វា​ អាល់តាយ * - សន្ទស្សន៍នៃការបកប្រែ


ការបកប្រែអត្ថន័យ ជំពូក​: អាល់អាន់ហ្វាល   អាយ៉ាត់:
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ قُل لِّمَن فِيٓ أَيۡدِيكُم مِّنَ ٱلۡأَسۡرَىٰٓ إِن يَعۡلَمِ ٱللَّهُ فِي قُلُوبِكُمۡ خَيۡرٗا يُؤۡتِكُمۡ خَيۡرٗا مِّمَّآ أُخِذَ مِنكُمۡ وَيَغۡفِرۡ لَكُمۡۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Әй Елші! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер Алла жүректеріңде бір хайыр барлығын білсе, сендерге өздеріңнен алынғаннан тағы жақсысын береді. Әрі сендерді жарылқайды. Ол Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.» де.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
وَإِن يُرِيدُواْ خِيَانَتَكَ فَقَدۡ خَانُواْ ٱللَّهَ مِن قَبۡلُ فَأَمۡكَنَ مِنۡهُمۡۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Егер тұтқындар саған опасыздық істегісі келсе, расында олар бұрын Аллаға да опасыздық істеген еді. Сондықтан сені олардан ықпалды қылды. Алла толық білуші, хикмет иесі.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَهَاجَرُواْ وَجَٰهَدُواْ بِأَمۡوَٰلِهِمۡ وَأَنفُسِهِمۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱلَّذِينَ ءَاوَواْ وَّنَصَرُوٓاْ أُوْلَٰٓئِكَ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلِيَآءُ بَعۡضٖۚ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَلَمۡ يُهَاجِرُواْ مَا لَكُم مِّن وَلَٰيَتِهِم مِّن شَيۡءٍ حَتَّىٰ يُهَاجِرُواْۚ وَإِنِ ٱسۡتَنصَرُوكُمۡ فِي ٱلدِّينِ فَعَلَيۡكُمُ ٱلنَّصۡرُ إِلَّا عَلَىٰ قَوۡمِۭ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَهُم مِّيثَٰقٞۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Шынында иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, және малдарымен, жандарымен Алла жолында соғысқандар, сондай-ақ босқындарды орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар, бір-бірінің досы. Ал және иман келтіріп, көше алмағандар болса, олар да көшкенге дейін сендерге олардың ешбір ағайындығы жоқ. Онымен қатар, егер олар, сендерден дін жайында бір жәрдем тілесе, сонда сендерге көмек ету міндет болады. Бірақ олар сендермен араларыңда келісім болған елде болса, оның жөні басқа. Алла істегендеріңді толық көруші.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلِيَآءُ بَعۡضٍۚ إِلَّا تَفۡعَلُوهُ تَكُن فِتۡنَةٞ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَفَسَادٞ كَبِيرٞ
Ал сонда кәпірлер де біріне- бірі дос. Егер бірлеспесеңдер, жер жүзінде пітне және зор бүліншілік болады.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَهَاجَرُواْ وَجَٰهَدُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱلَّذِينَ ءَاوَواْ وَّنَصَرُوٓاْ أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ حَقّٗاۚ لَّهُم مَّغۡفِرَةٞ وَرِزۡقٞ كَرِيمٞ
Иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, Алла жолында соғысқандар, мұһажірлерді орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар; нағыз мүміндер. Оларға жарылқау және көркем несібе бар.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنۢ بَعۡدُ وَهَاجَرُواْ وَجَٰهَدُواْ مَعَكُمۡ فَأُوْلَٰٓئِكَ مِنكُمۡۚ وَأُوْلُواْ ٱلۡأَرۡحَامِ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلَىٰ بِبَعۡضٖ فِي كِتَٰبِ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمُۢ
Сондай-ақ кейін иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, және сендермен бірге соғысқандар, міне бұлар; сендерден. Және туысқандар Алланың Кітабында бір- біріне тағы жақын. Расында Алла, барлық нәрсені толық біледі.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
 
ការបកប្រែអត្ថន័យ ជំពូក​: អាល់អាន់ហ្វាល
សន្ទស្សន៍នៃជំពូក លេខ​ទំព័រ
 
ការបកប្រែអត្ថន័យគួរអាន - ការបកប្រែជាភាសាកាហ្សាក់ស្ថាន - ខលីហ្វា​ អាល់តាយ - សន្ទស្សន៍នៃការបកប្រែ

បានបកប្រែដោយលោកខលីហ្វះ អាល់តាយ។ ត្រូវបានអភិវឌ្ឍន៍ដោយការត្រួតពិនិត្យពីមជ្ឍមណ្ឌលបកប្រែរ៉ូវ៉ាទ ការបកប្រែដើមអាចចូលមើលបានក្នុងគោលបំណងផ្តល់យោបល់ វាយតម្លៃ និងអភិវឌ្ឍន៍បន្ត។

បិទ