Check out the new design

ការបកប្រែអត្ថន័យគួរអាន - ការបកប្រែជាភាសាកាហ្សាក់ស្ថាន - ខលីហ្វា​ អាល់តាយ * - សន្ទស្សន៍នៃការបកប្រែ


ការបកប្រែអត្ថន័យ ជំពូក​: អាល់ហ្វាត់ហ៍   អាយ៉ាត់:
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُبَايِعُونَكَ إِنَّمَا يُبَايِعُونَ ٱللَّهَ يَدُ ٱللَّهِ فَوۡقَ أَيۡدِيهِمۡۚ فَمَن نَّكَثَ فَإِنَّمَا يَنكُثُ عَلَىٰ نَفۡسِهِۦۖ وَمَنۡ أَوۡفَىٰ بِمَا عَٰهَدَ عَلَيۡهُ ٱللَّهَ فَسَيُؤۡتِيهِ أَجۡرًا عَظِيمٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) саған биғат қылғандар, (қол бергендер,) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың құдырет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
سَيَقُولُ لَكَ ٱلۡمُخَلَّفُونَ مِنَ ٱلۡأَعۡرَابِ شَغَلَتۡنَآ أَمۡوَٰلُنَا وَأَهۡلُونَا فَٱسۡتَغۡفِرۡ لَنَاۚ يَقُولُونَ بِأَلۡسِنَتِهِم مَّا لَيۡسَ فِي قُلُوبِهِمۡۚ قُلۡ فَمَن يَمۡلِكُ لَكُم مِّنَ ٱللَّهِ شَيۡـًٔا إِنۡ أَرَادَ بِكُمۡ ضَرًّا أَوۡ أَرَادَ بِكُمۡ نَفۡعَۢاۚ بَلۡ كَانَ ٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرَۢا
Бәдеуилерден соғыстан қалып қалғандар, саған: "Бізді малдарымыз, семьяларымыз айналдырды. Сондықтан біз үшін жарылқау тіле" дейді. Олар, жүректерінде болмаған нәрсені тілдерімен айта береді. Оларға: "Егер Алла, сендерге бір зиян қаласа немесе бір пайда қаласа, сонда сендер үшін Аллаға біреу не істей алады? Олай емес. Алла сендердің не істегендеріңді толық біледі" де.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
بَلۡ ظَنَنتُمۡ أَن لَّن يَنقَلِبَ ٱلرَّسُولُ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَ إِلَىٰٓ أَهۡلِيهِمۡ أَبَدٗا وَزُيِّنَ ذَٰلِكَ فِي قُلُوبِكُمۡ وَظَنَنتُمۡ ظَنَّ ٱلسَّوۡءِ وَكُنتُمۡ قَوۡمَۢا بُورٗا
Бәлкім сендер, Пайғамбарды, мүміндерді семьяларына мүлде қайта алмайды деп ойладыңдар. Бұл жүректеріңде әдемі көрсетілді. Сондай-ақ жаман ой ойладыңдар да жоғалуға лайық ел болдыңдар.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
وَمَن لَّمۡ يُؤۡمِنۢ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ فَإِنَّآ أَعۡتَدۡنَا لِلۡكَٰفِرِينَ سَعِيرٗا
Ал әлде кім Аллаға, елшісіне иман келтірмесе, сонда қарсы болғандарға жалындаған тозақ дайындадық.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
وَلِلَّهِ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ يَغۡفِرُ لِمَن يَشَآءُ وَيُعَذِّبُ مَن يَشَآءُۚ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, қинайды. Сондай-ақ Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
سَيَقُولُ ٱلۡمُخَلَّفُونَ إِذَا ٱنطَلَقۡتُمۡ إِلَىٰ مَغَانِمَ لِتَأۡخُذُوهَا ذَرُونَا نَتَّبِعۡكُمۡۖ يُرِيدُونَ أَن يُبَدِّلُواْ كَلَٰمَ ٱللَّهِۚ قُل لَّن تَتَّبِعُونَا كَذَٰلِكُمۡ قَالَ ٱللَّهُ مِن قَبۡلُۖ فَسَيَقُولُونَ بَلۡ تَحۡسُدُونَنَاۚ بَلۡ كَانُواْ لَا يَفۡقَهُونَ إِلَّا قَلِيلٗا
Ол соғыстан қалып қалғандар, сендер олжа алу үшін кеткен кезде: "Бізді қоя беріңдер, сендерге ерейік" дейді. Олар Алланың сөзін ауыстыруды қалайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Әсте бізге ермейсіңдер. Сендер үшін Алла, бұрыннан осылай айтқан" де. Сонда олар: "Олай емес. Сендер бізді көре алмайсыңдар" дейді. Олар өте аз түсінеді.
តាហ្វសៀរជាភាសា​អារ៉ាប់ជាច្រេីន:
 
ការបកប្រែអត្ថន័យ ជំពូក​: អាល់ហ្វាត់ហ៍
សន្ទស្សន៍នៃជំពូក លេខ​ទំព័រ
 
ការបកប្រែអត្ថន័យគួរអាន - ការបកប្រែជាភាសាកាហ្សាក់ស្ថាន - ខលីហ្វា​ អាល់តាយ - សន្ទស្សន៍នៃការបកប្រែ

បានបកប្រែដោយលោកខលីហ្វះ អាល់តាយ។ ត្រូវបានអភិវឌ្ឍន៍ដោយការត្រួតពិនិត្យពីមជ្ឍមណ្ឌលបកប្រែរ៉ូវ៉ាទ ការបកប្រែដើមអាចចូលមើលបានក្នុងគោលបំណងផ្តល់យោបល់ វាយតម្លៃ និងអភិវឌ្ឍន៍បន្ត។

បិទ